Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды.
Шараға Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барша командаға сәттілік тіледі.
– Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен терең таныстырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында облысымызда осы сайыс ұйымдастырылуда, – деді Ернар Бектаев.
Байқауда қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынайды.
Олар: I кезең. Ұлдар: Ләңгі тебу, садақ ату;
Қыздар: Ұлттық тағамдар әзірлеу.
II кезең. Ұлдар: Арқан тартыс;
Қыздар: Құрт әзірлеу.
III кезең. Салт-дәстүр туралы сұрақтар бойынша командалық сайыс.
Аталған байқауға облысымыздың аудан, қалаларынан 13 команда қатысып жатыр.