Шымкент қаласында жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ (фонтан) бар. Бүгінгі күнде қала аумағындағы барлық субұрқақтары, жүйелі түрде (кестеге сәйкес таймермен) жұмыс атқаруда. Субұрқақтар белгіленген қосылу мезгілінен бастап, демеушілік есебінен іске қосылып, бірнеше электр жүйелері мен насостары жаңартылды.
Осыған қоса, Әкімшілік іскерлік аумағындағы «Тайқазан» субұрқағының электрлік жүйесі мен насостары жаңартылды, Әуежай аумағындағы субұрқақтардың насостары жаңартылды, Орталық саябақтағы субұрқақтың насостарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Орыс драма театр аумағындағы субұрқақтардың насостары жаңадан қойылды, Абай саябағындағы субұрқақтың электрлік жүйесі ретке келтірілді, Металлург саябағындағы субұрқақтың насосы жаңартылып, құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілді, Имран кешені алдындағы субұрқағының насосы күрделі жөндеуден өтті, Чернобль гүлзарындағы субұрқағы 5 дана насос жаңартылып ,құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Әкімшілік іскерлік аумағындағы әуенді субұрқақтың барлық насостары жаңартылды.
Қала тұрғындарының ұсынысы негізінде, Тәшенов және Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан тарихи Көл аумағын толығымен жаңарту жұмыстарын жүргізіп, аббаттандырып, жаңадан 3 (үш) субұрқақ қойылып, іске қосылды.
Еске сала кету керек, қазіргі уақытта, Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйе, канал мен арық тазалануда. Сонымен қатар, ағаштарды ақтау мен санитарлық кесу, шөп ору, көшелерді жуу жұмыстары жүргізілуде.