Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2024-2025 жылға оқуға құжаттар қабылдау басталды.
Талапкерлердің өтінімдері 25 маусым – 25 тамыз аралығында колледждердің қабылдау комиссияларында және «SmartNation College» платформасы мен «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. Алдымен өтініштерді 25 маусым мен 1 шілде аралығында колледжге қағаз түрінде құжаттар тапсыра алады. Ал 1 шілдеден 25 тамызға дейін веб-портал арқылы жүзеге асырылатын болады.
Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Орта балы бірдей талапкерлердің арасында бюджеттік орындарға конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген бейінді пәннің бағасы есебімен жүргізіледі.
Алайда педагогикалық мамандықтарға түсушілер арнайы емтихан, медицина мамандықтары – психометриялық тест, өнер мамандықтарына түсетіндер шығармашылық емтиханды қосымша тапсырып, нәтижелері жалпы конкурста ескеріледі.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына 15 мыңға жуық орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.