Қазір әлеуметтік элементтердің қалыптасуының күрделі кезеңінен өтуде. Қоғамда жүргізілетін реформалар бастапқы кезеңде жоспарланғаннан неғұрлым күрделі болды. Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бүгіндері күрделі мәселелердің қатарына еніп отыр.
Осы мәселені шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың берген ресми мәліметтерінде жергілікті бюджеттен ипотекалық негізде тұрғын үй сатып алушыларға биыл жалпы сомасы 300 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты берілген екен.
Әзірге сертификатқа өтінімдер қабылдау басталған жоқ. Хабарландыру қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жарияланатын болады.
Тұрғын үй сертификаты – несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Бұдан бөлек жыл басынан бері 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап азаматтардан құжаттар қабылданып, 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген болатын. Бұл қолдауды 76 1,2 топ мүгедектігі бар азамат, 16 толық емес отбасы, ерекше бала асыраушы 49 отбасы, бюджеттік мекемелердің 40 қызметкері, 30 көпбалалы отбасы, 7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар иеленді.
Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде 148 отбасы тұрғын үй сертифаттары арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізген болатын.
Еске сала кету керек, әлеуметтік көмек ретінде берілетін бұл сертификаттың мөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайды. Бұл бағдарлама арқылы көптеген отбасылар өздерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік алады.
Өтініш беру үшін белгілі бір талаптарға сәйкес келу қажет.
Атап айтқанда:
— Өтініш беруші мен оның отбасының әрбір мүшесінің айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспауы тиіс;
— соңғы 6 айдағы орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы қажет;
Айта кету керек, бұл көрсеткіштер зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды.