ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а. ж. 24 мамырда ҚР Парламенті Сенатында өткен «Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы экономиканың өңдеуші секторын дамыту» тақырыбындағы тыңдаулар барысында бұл жайында айтты.
«Жалпылай алғанда, өңдеу өнеркәсібі жыл сайын өсудің оң динамикасын көрсетіп келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 4 айында өндіріс көлемі 7,1 трлн теңгені құрады. Бұл жиһаз өндірісі 29,8%-ға, металл бұйымдарын өндіру 25,8%-ға және машина жасау 22%-ға өсуі есебінен мүмкін болды», – деді Қанат Шарлапаев.
Министр өткен жылы 2029 жылға дейінгі өңдеу өнеркәсібін дамытудың Тұжырымдамасы қабылданғанын айта кетті. Аталған стратегиялық құжат индустрияландыру процессін жетілдіруге, инвестициялық климатты жақсартуға және басым салаларға ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне көлік құралдарын өндіруде 7 есеге, киім өндіруде 5,6 есеге, жиһаз өндіруде 4 есеге, автомобильдер және тіркемелер өндірісінде 3,5 есеге инвестициялардың ұлғаюға ықпал етті. Одан бөлек, өткен жылдың көрсеткіші бойынша өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспорты 25,3 млрд долларды құрады.
Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаты ішкі өңдеуді ұлғайта отырып, дамудың шикізаттық моделінен бас тарту болып табылатынына көңіл аударды. Бұл мақсатпен Заңда орта және жоғары қайта бөлу тауарлары үшін мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетудің басымдығы белгіленген. Соның нәтижесінде, 2023 жылдың 9 айында 2021 жылдың ұқсас деңгейіне жоғары және орташа қайта бөлу өнімі көлемінің өсуі тиісінше 54,1% және 56,5% құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібі саласының одан әрі даму әлеуетін көрсетеді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі