Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасы аясында кез келген адам өзі тұратын өңірдің ішінде ғана емес, басқа облысқа да көшіп бара алады. Сол үшін мемлекет тарапынан ақшалай қолдау шаралары да беріледі.

 

Айта кетейік, өңіраралық ерікті қоныс аударуға жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және олардың отбасы мүшелері қатысады.

 

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесіп, ерікті түрде қоныс аудару және өңіраралық жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпарат берді.

 

Жиын барысында солтүстік аймақтардың географиялық артықшылықтары, инфрақұрылымдық жағдайы, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мүмкіндіктері талқыланды. Павлодар облысында мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасалған болса, Солтүстік Қазақстанның құнарлы топырағы егіншілік пен жылыжай шаруашылығын дамытуға таптырмас мүмкіндік береді.

 

Ерікті қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек ұсынылады. Бағдарламаға қатысушы әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК (258 440 теңге) көлемінде бір реттік төлем жасалады, сондай-ақ бір жыл бойы жалдамалы пәтер ақысы субсидияланады. Сонымен қатар, «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» арқылы қоныс аударушылар баспана мәселесін шешуге мүмкіндік алады.

 

Экономикалық мобильділік сертификаты – келу өңірінде тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үйді сатып алу кезінде қандастар мен қоныс аударушыларға берілетін жеңілдік болып табылады.

 

Сертификат бағдарлама қатысушысына тұрғын үй құнының 50 пайыз мөлшерінде, бірақ 4 282 720 теңгеден (1160 АЕК) аспайтын мөлшерде беріледі.

 

Солтүстік өңірлерге қоныс аудару – тұрақты жұмыс тауып, жаңа бизнес бастауға ниетті азаматтар үшін үлкен мүмкіндік.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.