Біздің кейіпкеріміз Алтынбек Кенжалиев білім беру ісінде ерен еңбек етіп, биік белестерді бағындырған ё] бек адамы. Ол 1974 жылы 16 желтоқсанда Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылында туылған. 1991 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, 1995 жылы «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1995-1996 жылдары Алматы қаласындағы Ұлттық Ғылым Академиясының Экономика ғылыми-зерттеу институтында магистратурада оқыды. 1996 жылдан бастап ХҚТУ-нің экономика факультетінде оқытушы, 1999-2004 жылдары декан орынбасары болып қызмет атқарған. 2008 жылдан бүгінге дейін «ХҚТУ-нің жергілікті кәсіподақ комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2010 жылдан ХҚТУ-ге қарасты «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің директоры қызметтерін атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Білім саласының құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілермен, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрмет» грамотасымен және Түркістан қалалық әкімшілігінің «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2016 жылдан Түркістан қалалық мәслихатының депутаты болды. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне бағыштап, қаншама шәкірт тәрбиелеп жетілдіре Алтынбек Кенжалиевті Түркістандықтар ғана емес, республика көлемінде көпшілік жақсы таниды. Ол іскер басшы, қоғам белсендісі, саналы азамат |ана емес, мерейлі отбасы тірегі. Отбасында жұбайы екеуі жеті қыз және бір ұл тәрбиелеп жетілдіруде. Алтынбек Кенжалиев қызметте де, ағайын – туыс ортасында да, отбасында да өзіндік орны бар, абыройлы азамат. Қаншама жастарға ағалық қам|ор болып, оларды жақсылыққа жетелеп жүрген ұстаз. Үнемі игі істердің бас – қасынан табылатын Алтынбек Кенжалиевті көпшілік үлгі тұтады.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.