Қазақстанда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі. Яғни бүл күні халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын тілшілер қауымы кәсіби мерекесін атап өтеді.

БАҚ қызметкерлерінің еңбегі қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.

Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық диалог жүргізудің ашық алаңына айналып, мемлекет пен қоғамның өзара байланысын нығайтуға зор үлес қосып жүр. Еліміздің журналистері озық ой мен тың идеялардың таралуына дәнекер болып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтереді. Сондай-ақ оқиғаларды жан-жақты зерделеп, популизм мен арандатушылыққа тосқауыл болады.

Әр жыл сайын 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылатын спартакиада – журналистер қауымы үшін үлкен мереке. Биылғы дәстүрлі спартакиаданың жалауы Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионында желбіреді.

Жарыстың екінші күнінде арқан тартыс пен футболдан бақ сынады.
Арқан тартыстан «Оңтүстік TV» командасы жүлделі 1-ші орынға ие болып, 2-ші орынды «Ернұр Press» ұжымы қанжығалады. Ал үздіктердің қатарв «Айғақ» телеарнасының ұжымымен толықты. Жасыл алаңда бақ сынаған журналистердің бәсекесі де қызықты өтті. «Оңтүстік TV» командасы «Ернұр Press» жігіттерінен 3:1 есебінен есе жіберсе “Түркістан TV” командасымен 2:1 есебінде ұтылды. Екінші айналымда «Түркістан» жігіттері «Үштаған» командасынын 5:2 есебінде жеңді. Финалдық кезеңде «Үштаған» командасына «Отырар» телеарнасының қатысушылары қарсы шықты. Ойын қорытындысы бойынша «Отырар» командысы 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Түркістан БАҚ» пен «Ернұр Press» арасындағы ойын тартысты өтті. Үздікті анықтау қиынға соққан сайыста «Ернұр Press» жігіттері 4:2 есебімен қарсыластарына шаң жуытпады.

Жеңімпаз командаларды Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Айкерім Жұмағұлова марапаттап, Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

Шымкент келбеті

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.