«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен жасыл ел еңбекші жастары қатысты.
Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермей отырғанын қынжыла жеткізген тұрғындар бүгінгі іс-шараға қатысушыларға алғыстарын білдірді.
100-ден астам аудан тұрғындары мен жасыл елдіктер өзен аумағындағы түрлі қоқыстарды, бей-берекет шөп-шаламдарды және өзеннің суымен жиналған түрлі қоқыстарды тазалап, өзен маңайындағы су көздерін тазалады.
Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника жұмылдырылып, өзен бойындағы шөптер шабылды.
Іс-шараға қатысқандар қаламыздың тазалығы басты назарда екенін, оған әрбір қала тұрғындары белсене атсалысуы қажет екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жұртшылық тарапынан қызу қолдау тауып, ілкімді істер жүзеге асырылуда.

Осыдан 2 ай бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел бойынша “Таза Қазақстан” атты экологиялық акциясы басталғаны барлығына мәлім. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар белсене қатысып, айналаны тазартып, гүлдендіруге барынша ат салысты.

Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. Тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті.

Табиғат жанашырларының айтуынша “Таза Қазақстан” акциясы тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. 

Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан, жастарға зор үмітпен қараймыз.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.