Түркістан облысын дамыту бағытында өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Аудан, қала мәселелерін анықтауға және заңсыздықтарды жоюға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Осы ретте, облыс басшысы Дархан Сатыбалды мен оның орынбасарлары кестеге сәйкес жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауда. Бұл жолы тұрғындардың мәселесін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тыңдады.
Жеке қабылдауда білім, балабақша, денсаулық, жұмыспен қамту саласына қатысты сан түрлі мәселе көтерілді. Мәселен, Сауран ауданынан келген азамат мектеп директорын ротациялау мәселесін көтерді. Жетісайлық кәсіпкер жекеменшік балабақшасының мәселесін қозғады. Оған мониторинг тобының хаттамасына сәйкес кемшіліктерді жою керек екендігі түсіндірілді. Арыс қаласының тұрғыны аурухана дәрігерлерінің біліктілігіне шағымданып, медициналық мекемені КТ аппаратымен қамтуды сұрады. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс дәрігерлері біліктілігін арттыру мақсатында Астана қаласында тәжірибие алмасуда. Сонымен қатар резидентура бойынша білім алуға облыс жастарына 139 грант қарастырылған. Ауылдық жерлерде маман тапшылығын шешу үшін білікті жас дәрігерлерді жоғарғы оқу орындарында даярлап, елді мекендерге жұмыс істеуге жіберу жоспарлануда. Облыс бойынша 3 КТ аппараты алынып, біреуін Арыс қаласында орнату көзделіп отыр.
Түркістан қаласынан келген азаматшалар жекеменшік балабақшада 6 ай көлемінде еңбекақысыз жұмыс істеп жүргендерін алға тартты. Бұл мәселе бойынша өтініш иелерінің арызы негізінде облыстық Бақылау жөніндегі басқармасы тарапынан заң шеңберінде қаралады және аталған мекемеге тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, электронды қоларба алу, мектепке жұмысқа орналасу, аудандық Жастар орталығының жұмысы туралы ұсыныстар айтылды.
Бейсенбай Тәжібаев көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде қаралатынын жеткізді.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.