2024 жылдың 1 тамызында Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінімдер сағат 9:00-ден бастап қабылданады.
Бұл бағдарлама мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында жүзеге асырылып, халыққа үлкен көмек көрсетуге бағытталған.
Тұрғын үй сертификаты – несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек.
Әлеуметтік көмек ретінде берілетін бұл сертификаттың мөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайды. Бұл бағдарлама арқылы көптеген отбасылар өздерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік алады.
Өтініш беру үшін белгілі бір талаптарға сәйкес келу қажет.
Атап айтқанда:
– Өтініш беруші мен оның отбасының әрбір мүшесінің айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспауы тиіс;
– соңғы 6 айдағы орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы қажет;
Айта кету керек, бұл көрсеткіштер зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды.
Өтініштер «http://xn--k-jtbaait0d.kz/» интернет ресурсы арқылы қабылданады. Өтінім беру үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Бұл өтінім беру процесін жеңілдетіп, оны қолжетімді етеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл бағдарлама көптеген отбасыларға көмек көрсетуге және олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Әкімдік осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға ұмтылуда.
Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша тек әлеуметтік осал топ азаматтары ала алады. Оның ішінде жетімдер, көпбалалы аналар мен отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек бала асырап отырған отбасылар. Толық емес отбасыларға да бұрын берілетін. Бірақ кейін елде ажырасып жатқандар саны көбейіп кеткендіктен бұл санатты тізімнен алып тастады.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.