5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — этникалық спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық жарыс. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының алғашқы үш жарысы Қырғыз елінің Шолпан Ата қаласында 2014, 2016 және 2018 жылдары өтті.

Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне кіреді.

Астана қаласында қыркүйек айында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Онда 21 спорт түрі бойынша 90 елден 2000-нан астам спортшы бақ сынайды. Бүгінде көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дүбірлі додаға дайындық аясында бүгін Шымкентте көкпар спортының төрешілеріне арналған халықаралық тренинг-семинар басталды.
Халықаралық тренингке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Мажарстан, Грузия, Пәкістан мемлекеттерінен, жалпы 35 төреші қатысуда.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев әр федерация төрешілерге арналған семинар-тренингтер өткізетінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 90 ел ойындарға қатысатынын растаған.
– Халықаралық семинар-тренингтің алғашқысы Шымкентте ұйымдастырылып отыр. Іс-шараны өткізудегі мақсат – төрешілердің біліктілігін арттыру, біздің көкпардың ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу. ҚР көкпар федерациясымен бекітілген бірқатар ережелер бар. Соған сай мамандар біліктілігін арттырады. Сондай-ақ, биылғы ойындардың қатарына Қырғыз елінің көкбөрі спорты да қосылды. Көкпар ойынына 10-нан астам ел қатысады, – дейді Мұратбек Сұлтанбекұлы.

Айта кетсек, түстен кейін практикалық тұрғыда тренингтер өтпек. Бүгінде Түркістан облысы және Шымкент қаласының көкпаршылары Ұлттық құрамамен бірге жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Көшпенділер ойындарына аттанатын көкпаршылар жаттығу жиынынан кейін мәлім болмақ.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.