26 шілде күні Астана уақытымен 22:00-де барша әлем көз тігіп отырған, Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанаты болады. Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан атынан 80 спортшы, 25 спорт түрінен сынға түседі.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада ойындарына әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы бақ сынайды. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бағдарлама негізгі 28 олимпиадалық спорт түрлері арналған ойында таңдалды. Олар:

– Академиялық есу

– Бадминтон

– Баскетбол

– Баскетбол 3х3

– Бокс

– Брейк-данс

– Күрес

– Еркін

– Грек-рим

– Велоспорт

– BMX

– BMX-фристайл

– Трек жарыс

– Маунтинбайк

– Тас жолдағы жарыс

Су спорты түрінен

– Су добы

– Жүзу

– Суға секіруден

– Синхронды жүзу

Волейбол

– Волейбол

– Жағажай волейболы

– Гандбол

– Гольф

– Байдарка мен каноэде есу

 

Еске сала кету керек, біздің спортшылардың алғашқы легі Олимпиада ойындарына қатысу үшін Парижге 25 шілде күні жеткен болатын. Олардың қатарында жарысты бастайтын садақ ату шеберлері бар.

Парижде өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан командасына 67 бапкер, сондай-ақ дәрігерлер, психологтардан тұратын кешенді ғылыми топтың 15 мүшесі қолдау көрсетеді деп хабарланған болатын.

Қазақстан командасы спорттың 25 түрінен жарысқа қатысады.

Айта кетейік, Қазақстан делегациясы құрамына 16 спарринг-серіктес енген. Олар жекелеген спорт түрлері бойынша сынға түсетін қазақстандық спортшыларға олимпиадалық жарыс өтетін аймақтарда көмектеседі.

Сіздерге үміт артамыз, табысты өнер көрсетулеріңізді тілейміз және жаттықтырушыларға әлемдік деңгейдегі шеберлерді даярлау үшін жылдар бойы атқарған қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамыз. Сіздерге еліміздің намысын қорғап, жеңіспен оралуларыңызды тілеймін! Ел намысы сіздердің қолдарыңызда!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.