Әлеуметтік төлемдер — мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік төлемді алушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдер.

Шымкент қаласы бойынша биыл зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 205 000 астам азаматты құрайды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде дейді, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы баяндады.

2024 жылдың I жарты жылында жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың және қайта қаралған төлемдердің саны – 74191 құрайды.

Жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылар саны – 43643;

Қайта қаралған зейнетақы мен жәрдемақылар саны –30548.

Есеп беру кезеңінде 59 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден және 668 мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылған.

Жыл басынан бері азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 34 772 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 948 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,7% құрады. 26 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданған.

2023 жылдың көрсеткіштеріне қарасақ, Шымкент қаласы бойынша 86 мыңға жуық адам қордан жалпы сомасы 52,7 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем алған екен.Әлеуметтік төлем түрлеріне тоқталсақ, жүйе еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша екі ұзақ мерзімді төлемді көздейді, олар бюджеттен тағайындалатын осыған ұқсас мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша Қордан төленеді. 2023 жылы мұндай төлемдерді мүгедектігі бар 5 мың жұмыс істейтін азамат және асыраушысынан айырылған 2,6 мың отбасы алды.

2023 жылы көрсетілген төлемдердің тағайындалған мөлшерінің жылдық мәнде 23% – ға екі реттік өсуін ескере отырып, бұл мақсаттарға Қордан 945 млн.теңгеден астам қаржы бағытталды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.