Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы ауданның дамуы бойынша 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс жайлы баспасөз брифингінде баяндады.
220,7 мың халқы бар, 36 300 гектар жерді алып жатқан Шымқаланың бесінші ауданында 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар. Аудан халқы 2026 жылы 100 пайыз таза сумен, 100 пайыз табиғи газбен қамтылады деп жопарланса, бүгінде 95,2 пайыз сапалы электр жарығымен қамтылған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 пайызды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2 пайызға жеткізу жоспарға қойылған.
Халық жайлылығына ең маңыздысы жол десек, 2024 жылы Тұран ауданындағы 42 көшеге, 34,8 шақырым жол салу жоспарланған. Бүгінгі күнге 16 көшеге асфальт төселді.
– Сонымен қатар, аудан аумағында 2024 жылы барлығы 36 көшеге аяқжол салу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 14 көшенің құрылысы аяқталды, қалған 8 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ал қалған 14 көшенің құрылысы алдағы уақыттың еншісінде. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы аудан аумағында демеушілер тарапынан 2 демалыс аумағы, Желтоқсан көшесінің бойындағы «Аналар аллеясы» мен Шымкент қонақ үйі жанындағы Мадлен мейрамханасы аумағындағы аллея тұрғындар игілігіне берілді. Түркістан шағын ауданы, Айқап көшесіне балалар ойын алаңшасын және Рысқұлбеков көшесіне тренажерлық алаңша орнатылды. – дейді Берік Әшірбеков.
2024 жылы аудан аумағындағы 30 көшеге, 1170 қоқыс жәшігін орнату көзделген. Қазіргі таңда, 780 қоқыс жәшігі Қонаев, Бәйдібек би, Бәйтереков, Адырбеков, Дулати, Қазыбек би, Мангелдин, Асқаров көшелеріне орнатылды.
Бұдан бөлек, биылғы жылы 2 көп қабатты үй күрделі жөндеуден өтіп, 5 үйдің жедел сатысын ауыстыру назарда тұр. 2024 жылға 30 балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда 2 нысан аяқталып, 9 алаңшаның құрылысы жүруде.
Ал, жарықтандыру бойынша 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 80 көше жарықтандырылды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.