Қазақстанда биыл 6 қазанда АЭС мәселесі бойынша референдум өткізіледі.
Бұл туралы Парламент мінберінінен ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев мәлімдеген болатын. Қазір қоғамда қызу талқылау жүріп жатыр.
Жолдауда Президент » Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр»- деді Тоқаев .
Президент Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет деді. Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек дейді.
Тоқаев болашақты ойлауымыз керек деп, атом электр станциясын салуға байланысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келді. Бұл стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деді. Сондықтан мен де өз пікірімді талқыға салғанды жөн көрдім.
Қазіргі уақытта елде өнеркәсіп белсенді дамып келеді. Ол үшін элетр қуаты қажет. Әлем уранды электр көзі деп санайды және елде оның жеткілікті қоры бар. Осы тұрғыдан алғанда
АЭС салу салу елімізге , болашақ ұрпаққа өте тиімді болады деп санаймын.
Атом электр станциясынан, атом энергетикасынан біз қашпай, қайта қолдауымыз керек. Оны қаншалықты жылдам салсақ, соғұрлым тиімді болмақ.
Өйткені, атом энергиясы Қазақстанның экономикалық әлеутін арттырады. Елімізде инвесторлар үшін тұрақты қуат көзінің болуы өте маңызды. Көп жылдан бері Қазақстанда қауіпсіз атом энергетикасын дамыту үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Біз АЭС құрылысын бастап, ел ертеңіне жаңа қадам жасағанымыз жөн.

Балтабек Түйетаев,
Республикалық » Еркін ой » газетінің редакторы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,
ҚР «Ақпарат саласының үздігі»

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.